Accessibility links

Украина президенттігінен үміткерлер Виктор Юшенко мен Виктор Янукович сайлаудың 3-үшінші турынан алдын телесайысқа шығып өзара сынасты


Оппозициядан Юшенко өз қарсыласы бас министр Януковичті қарашаның 21інде болған сайлауда сайлаушылардың дауысын ұрлады деп айыптады. Бірақ орын алған келеңсіздіктерге байланысты ол сайлау нәтижесін Украина жоғарығы соты заңсыз деп жариялады.

-Бүгін Украинада неге президент жоқ, себебі, сіз заңсыздықтарға жол бердіңіз. Қарашаның 21інде не болды. Сіз сайлаушының 3 млн даусын ұрладыңыз, - деді Юшенко өз қарсыласына.

Беті диоксин уынан түзеліп үлгірмеген Юшенко ..Ресейді Янукович жағында болды, Украинаның ішкі саясатына араласты деп кіналады. Ал өз кезегінде Янукович шығыс аймақтағы кездесулерде Юшенконы АҚШ және батыс елдері қолдады, деген айыптамасын айтып жүрді.

-Виктор Андреевич, сіз жеңіске жетіп Украина президенті боламын деп ойлайсыз. Бірақ қатты қателесесіз. Сіз Украинаның бір-ақ бөлегіне президент бола аласыз. Ал мен оны қаламаймын. Біз екеуміз Украинаны біріктіруіміз керек, - деді Янукович.

100 миноттық телесайыста екі үміткер бірталай дау-дамайға, қатты сөздерге барды, бірақ соңында қол алысып қоштасты.
XS
SM
MD
LG