Accessibility links

Украина премьер-министрі Виктор Янукович: ел бірлігін қорғаймын


Янукович жексенбі күні қайта өтетін президент сайлауының нәтижесі қандай болса да, Украинаның бірлігін қорғайтын боламын деген шетелдік елшілермен болған әңгімелесу барысында. Украина Жоғарғы соты 21 қарашада өткен президенттік сайлаудың екінші кезеңінде Янукович пен Ющенкоға берілген дауыстарды санау барысында бұрмалаушылыққа жол берілді деген қорытынды жасаған болатын. Бұл уақытта ел іші екіге жарылып, батысшыл Ющенконы қолдайтындар мен ресейшіл Януковичтің жақтастары жаппай митингілер өткізгендігі белгілі. Украинаның шығысындағы Донецк қаласында қос кандидаттың да жақтастары бөлек-бөлек митингілерге жиналған.
XS
SM
MD
LG