Accessibility links

Мәжіліс «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын күн тәртібінен алып тастады


Желтоқсанның 22-і күні Әділет министрінің орынбасары Ұбайдолла Стамқұловтың «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң жобасын Қазақстан Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында баяндауына депутаттар мүмкіндік бермеді.

Күн тәртібі қарауына енгізілген бұл заң жобасын депутаттар әлі пысықталмаған, жаңа сайланған депутаттар талқылап, таныспаған құжат деп көпшілік дауыспен күн тәртібінен алып тастады. Парламенттің екінші шақырылымы құрамында да болған депутаттар аталған құжатты «сақалды заң жобасына» теңеп отыр. Оның үстіне кейбір депутаттар бұдан бұрын да парламент ақшаға рақымшылық жасау туралы заң қабылдаған. Одан мемлекет экономикасы көтеріліп жатқан жоқ деген пікірлер айтуда. Ал, Қазақстандағы көлеңкедегі мүліктің көлемі жайында әртүрлі пікірлер бар.

«Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң жобасын күн тәртібінен алып тасауды ұсынған парламент Мәжілісінің депутаты Рауан Шаекин заң жобасы бойынша жұмыс тобының өткенін көрмедім, алайда, жоба аяқ астынан күн тәртібіне шығып отыр. Кесте бойынша қарағанда тек бір ғана депутат және комитет жұмыс істегендей көрінеді.Бір-екі түзету жасалған, ал, халықаралық істер жөніндегі комитет теріс қортынды берген, соған қарамастан талқыға шығарып отырмыз дейді.

Рауан Шаекин заң жобасын шикі деп есептейді.

Депутат Тоқтар Әубәкіров мұндай заң жобасын қабылдауға ерте және оны пысықтау қажет дейді. Сондай-ақ ол қылмыскерді қылмыскер деп атау керек деп отыр.

Депутат Серік Әбдірахмановтың айтуынша, заң авторлары депутаттар тарапынан туған күмәнді сұрақтарды түсіндіруге ешқайсысы ұмтылыс жасмапты.

Депутат Мұхтар Шаханов заң жобасы барлық комитетте қаралуы керек деген пікірде. Депутаттың айтуынша, бұл бүкіл депутаттардың мүддесіне нұқсан келтіретін заң жобасы. Ал, депутат Төлеген Мұхамеджанов бұл жобаны жаңадан сайланған депутаттар комиттерде талқылаған жоқ. Заң жобасын дауыс беруге біздің моральдық құқымыз жоқ деп отыр.

Депутат Амалбек Тшан халық бұл заң жобасына қатысты оң пікір айтып отырған жоқ. Себебі бұдан екі жыл бұрын біз шетелдегі ақшаны қайтару туралы заң қабылдадық. Ол ақша елге келіп мемлекеттің экономикасын көтеріп жатқан жоқ. Ақшасы барлар ұрланған ақшаны алып келді. Алматыда тұрғызып жатқан үйлердің бәрі де сол жерде жасап жатқан фирмалардың кімдікі екенін жұрттың бәрі біледі. Олар әкелген ақшаларына элиталық үйлер салып жатыр. Ал, сөз болып отырған заңды қабылдағанда да өз байлықтарын реттеп алу дейді.

Ал, «Ақжол» партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбаев заң жобасында айналымға қосылғалы отырған мүліктің көлемі анық көрсетілмеген. Өкінішке орай, оның көлемі толық ашық мәселе емес. Кейбір есептер бойынша көлеңкелі экономика Қазақстан экономикасының 40 пайызына жетеді дейді.

Саясатанушы Әзімбай Ғали Қазақстанда жаңадан дәулетті топтар пайда болды. Олар өте үлкен дәулеттілер, олардың үлес салмағы 5 пайыздай болуы мүмкін деп отыр.
XS
SM
MD
LG