Accessibility links

Қытайда Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев бастаған делегацияның бес күндік ресми сапары басталды

  • Ескендір ЕРТАЙ

Желтоқсанның 22-сінде Қазақстан Парламент Сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевтың бастаған парламенттік делегация Қытай Халық Республикасына аттанып кетті. Бес күнге созылатын ресми сапар барысында Нұртай Әбіқаевтың Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаомен, Халықтық Саяси Консультативтік кеңестің Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Цзя Цинлинмен және басқа да ресми тұлғалармен кездесулері жоспарланған. Кездесулерде Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың заңнамалық негіздері қаралады деп күтілуде. Кезінде Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы елшісі болған Мұрат Әуезовтың айтуынша, Қытай өзінің ұлттық мүддесін әріден ойлайтын мемлекет.

«Саудада, шекара мәселесінде, кеден ісінде ұсақ проблемалар бола береді. Біз Қытаймен ұзақ жылдарға арналған ынтымақтастық жасауға дайын болуымыз қажет»,-дейді.«Қазақстанның демократиялық таңдауы» саяси бірлестігінің мүшесі Ерхан Мәжік: «Еуропаның, басқа да құрлықтардағы көптеген елдердің базарлары да Қытай таурларына толып кеткен. Яғни, Қытайдың әлеуеті уақыт өткен сайын күшейе бермек», - дейді.

Қазақстанның Ұлттық инженерлік ғылым академиясының академигі Нәдір Нәдіров болса, осы сапар барысында Сенат төрағасы мұнай-газ саласына қатысты мәселелерге маңыз берсе жөн болар еді дейді. «Өйткені, Қытайдың «СиЕнПиСи-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы тек өзінің бас пайдасын көздеп, аз шығынмен мол пайда қарпуды ғана ойлайды. Өндірісті үлгілендіруге, қоршаған ортаны қорғауға көңіл бөлмей отыр»,- дейді.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» саяси бірлестігінің мүшесі Ерхан Мәжік болса, Қытайдан үйренетін бір нәрсе ол –мұнай-газ саласына басшылық жасауды бір ғана ұлттық компанияның қарауына берілуі.Мемлекеттің қорын жасақтауды сол компания атқаруы тиіс деген пікірде. Мұрат Әуезов Қытаймен мәселе тіл табысуда емес. «Өйткені, Қазақстан басын ие берсе, Қытай өз саясатын өткізе береді. Қытай қазір дүние жүзіне « тыныш экспанциялау- ықпал ету аясын кеңейту» саясатын ұстанып отыр»,-дейді.

Ерхан Мәжіктің пікірінше, Қазақстан көршілес екі алып елдің ықпалына төтеп беру үшін Алаш қайраткерлерінің жолын ұстануы керек. Ал, Мұрат Әуезов болса, соңғы ғасырда пайда болған Қытайдың ұлтшылдығы мен мемлекетшілдігінің нұсқасын Қазақстанға бірден бір үлгі етіп ұсынады.

Саясаткерлердің пайымдауынша Парламент Сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев бастаған Қазақстан делегациясының Қытайға сапары барысында парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерімен қатар трансшекаралық Қара Ертіс өзенін бірлесіп пайдалану, көші-қон, Қытайдағы қазақ диаспорасының жағдайы секілді мәселелер де қамтылуы мүмкін деседі.
XS
SM
MD
LG