Accessibility links

АҚШ әскери басшылығы Мосул қаласындағы АҚШ әскери базасына жасалған шабуыл бойынша зерртеу жұмыстарын бастады


Кеше сейсенбіде болған ол шабуылдан кемінде 22 адам қаза тапқан болатын. Соққы шатыр ішінде американдық әскерлер және келісіммен келген қызметкерлер тамақтанып отырған кезге тура келген. Ол арада 15 американдық жане 2 ирақ азаматы қаза тапқан. Жарақат алған 66 кісінің 42 АҚШтан. Президент Буш қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қалай болғанда да Ирақта демократия жеңіске жетеді деген. -Ирақта демократия табысты болып, азат Ирақта бейбітшілік орнайтындығына сенімдімін. Сондықтан ол жауапты миссияны атқарып жүргендерге Алла жар болсын,- деген президент Буш. Бұл арада бүгін Бағдадқа Франция сыртқы істер министрі Барниер ұшып келіп, 4 ай бойы кепілдік тұтқында отырған 2 француз журналистерін өз еліне алып қайтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG