Accessibility links

Махмұд Аббас "жол картасын" қолдайды


Палестина жетекшісі Махмуд Аббас кеше Рамаллада Британия премері Тони Блэрмен кездесуден кейін, келер жылдың басына Лондонда өткізіледі деп жоспарланған конфернцияны Израилмен бейбітшілік жағдайына қол жеткізудің ең алғашқы қадамы болады деп бағалады. Блэр аталған конференция палестиндктерге қауіпсіздік саласын және экономикалық реформаларды алға жылжыту үшін 9 қаңтарда өтетін сайлаудан кейінгі уақытқа межеленіп отыр деген. Тони Блэр өзінің бұл ойларын Израил премері Ариел Шаронмен болған келіссөздерден соң айтқан. -Мен палестиндіктер бүгін біздің көмектесуге әзір екендігімізді көріп-ұға біледі деп үміттенемін,- деген Британия бас министрі. Махұмд Аббас сайлауда жеңіске жету үшін палестиндіктер халықаралық қолдау тапқан Палестин мемлекеттігі бағытындағы "жол картасы" бойынша қимыл-әрекеттің жалғасуын қалайды деп атап көрсеткен.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG