Accessibility links

Киевтің орталық алаңына қызғылт-сары түстілер тағы жиналды


Оппозиция кандидаты Виктор Ющенконың ондаған мың жақтастары кеше Украина астанасының орталық алаңына жексенбі күні болатын президенттік қайта сайлаудың әділ өткізілуін талап етуге жиналды. Ющенко өз қолдаушыларын Жоғарғы соттың 21 қарашадағы дауыс берулер нәтижесін жарамсыз деп шешім қабылдауына мәжбүр еткен, бірнеше аптаға жалғасқан бейбіт шерулер өткізуімен құттықтап, ризашылығын білдірген. Ющенко алаңда тұрғандарға өз- өздеріңе алғыс айтуға тиіссіңдер деген, сіздер бейбіт және тыныш жағдайда, ешбір қантөгіссіз Украинаны өзгертуге маған көмектесіп жатырсындар деп атап өткен. Кешегі күні вебсайтта жарық көтген мәлімдемесінде Ющенко президент болып сайлана қалса, Ресеймен жақсы қарым-қатынасты ұстанатындығын жане ең алғашқы ресми сапары да Ресейге жасалатындығын айтқан. Жексенбі күнгі Украинадағы дауыс берулер барысын бақылауға 12 мыңнан астам шетелдік бақылаушы тіркелген.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG