Accessibility links

Фаллужа қаласына соғыс кезінде қашып кеткен тұрғындардың алғашқы легі қайта оралатын болады


Ирақ уақытша үкіметі шенеуніктерінің айтуынша, алдымен батыстағы Андалус қаласынан 2 мыңдай адамның келуіне мүмкіндік туған. Билік өкілдері қайтып оралғандардың әрқайсысына 100 доллардан,ал соғыста қирап-талқан болған баспаналарын жөндеп алуға 10 мың доллардан өтемаққы берілетін болады дейді. Бағдадтың оңтүстігіндегі Латифиа жанындағы бақылау-өткізу бекетінде көлікте болған жарылыстан Ирақ жасақтары мен жай тұрғындар бар 9 адам опат болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG