Accessibility links

Павлодар қаласындағы 2-ші Жылу-электр стансасының магистарльды су құбырында болған апаттың салдарынан қаладағы 67 көп қабатты үй 28 градус аязда жылусыз қалды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Желтоқсанның 22-і күні сағат 18:30-да Павлодар қаласындағы 2-ші Жылу-электр стансасының магистарльды су құбырында болған апаттың салдарынан қаладағы 67 көп қабатты үй 28 градус аязда жылусыз қалды. Желтоқсанның 23-і күні 37 үйге жылу беріле бастады. Бесйенбінің кешіне дейін апат салдары жойылып, қалған үйлерге толық жылу берілуі тиіс.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің бөлім бастығы Александр Федоренко хабарлады.

Павлодар жылу электр стансасының магистральды су құрыбында апаттың орын алуын құбырларларға ұзақ жылдардан бері жөндеу жасалмауынан деген де пікірлер бар.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің бөлім бастығы Александр Федоренко Павлодар қаласындағы Торайғыров және Короленко көшелерінде жылу құбырында орын алған апатты жоюға қалалық жылу жүйесінің екі бригадасы 20 адам және 10 техника жұмылдырылды дейді.

Павлодар қаласында орын алған апаттты жою жөніндегі штабтың қызметкері мұндай жағдайдың бірінші рет болғанын айтты.

Ал, Павлодар облысынан Мәжіліс депутаты болып отырған мамандығы энергетик Владимир Бобров жағдай тұрақтанды, 30 градус аязға қарамастан қала мұздап қатып қалған жоқ. Өз үйіме телефон шалып хабарластым деп отыр.

Владимир Бобровтың айтуынша, Павлодарда үш электр стансасы бар. ТЭЦ-1 Еуразия корпорациясында, ТЭЦ-2, ТЭЦ-3 Павлодар энерго орталығы, барлық станса ұмытпасам 6-7 жылдан бері меншік иелігінде, оларды сатып алған дейді. Сондай-ақ ол апат болды, әлі болады да, өйткені, жүйе бірнеше жылдан бері жөнделмеген дейді.

Ал, екінші шақырылымдағы парламентте Павлодар облысынан Мәжіліс депутаты болған Серікбай Әлібаев жылу жүйесін, энергия қуатын, су жүйесін, коммуналдық кәсіпорындарды кезінде жекешенлендіруге қарсы болғам, әлі де қарсымын. Бұл апаттардың басы ғана деп отыр.
XS
SM
MD
LG