Accessibility links

«Қазақ туризм және спорт академиясы» ЖАҚ-ы мемлекет меншігіне қайтарылуы керек «Қазақ туризм және спорт академиясы» ЖАҚ-ы мемлекет меншігіне қайтарылуы керек «Қазақ туризм және спорт академиясы» ЖАҚ-ы мемлекет меншігіне қайтарылуы керек пe?

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

«Қазақ туризм және спорт академиясы» акционерлік қоғамының 45 пайызы акциясы «Жарыс» ЖШС-е, 35 пайызы Қазақстанның Білім және ғылым министрлігіне, 20 пайызы академияның оқытушылар құрамы құрған заңды тұлғараларға тиесілі. Акционерлік қоғамның мемлекетке тиесілі 35 пайыз акциясының өзі бүгінде талан-таражға түсіп жатыр дейді Мәжіліс депутаты Оңалбай Аяшев:

-Сегіз гектар жер телімімен бірге «Горельник» оқу-ғылыми базасын үш млн. теңгеге сатып иеліктен айырады. Оның бір млн теңгеден астамы күні бүгінге дейін жоғары оқу орнының есеп айырысу шотына келіп түспеді.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Раханов пен бұрынғы білім министрі Құлекеевтің келісімімен студенттердің жатақханасы авариялық жай-күй туралы жалған хаттамамен он алты млн теңгеге сол жерде жұмыс істеп жүрген кафедра меңгерушісінің ЖШС-не сатылған. Одан алты айдан кейін «Анна16»ЖШС-ке 257,5 млн теңгеге сатылған. Бір апта өткен соң 350 млн теңгеге «IMG GROUP» ЖШС-ке сатылған. Депутат Оңалбай Аяшевтің айтуынша, "Жарыс" ЖШС-тегі 45 пайыз акциясын қайтарып, академияны мемлекет меншігіне енгізу керек:

-Үкіметтен қалған мүлікті сатып,сол арқылы байып жатқан адамдар бар. Бұл заңсыздықты тоқтату керек. Академияның қырық бес пайыз акциясын қайтарып, мемлекет меншігіне енгізу керек. Талай жыл тарихы бар қара шаңырақтың шаңырағын құлатпауымыз керек.

Қазақ Туризм және спорт академиясы акционерлік қоғамына хабарласқанымызда, академия ректорының орынбасары Елемес Әлімханов академияны жекешелендіруде ешбір заңсыздыққа жол берілмегендігін айтты.

-Прокуратурадан, барлық құзырлы органдардан келіп тексеріс жүргізілді. Бұл мәселе бірнеше рет көтерілген. Бұл жерде еш заңсыздыққа жол беріліп отырған жоқ. Сот қарап барлығы дәлелденген. Жалғыз біз емес қой жекешелендірілген. Елемес Әлімхановтың айтуныша академия ұжымы мемлекеттік меншікке көшу туралы пікірмен келісе бермейді.

Қазақ Туризм және спорт академиясын мемлекеттік меншікке қайтару туралы пікірді спортшылардың бірқатары қолдап отыр. Таэквандо спорт түрінің бас бапкері Сұлтанмахмұт Шоқпытвотың айтуынша:

-Таэквандо спортымен мүлдем байланыс жоқ. Академия толығымен мемлекетке қарағаны дұрыс. Бұл кәсіби спортшылар шығаруға мүмкіндік тудыратын еді.

Жалғыз Туризм және спорт академиясы ғана емес, барлық жоғары білім беретін орындар мемлекеттік болғаны жөн дейді Грек-рим күресінен бас бапкер Жаңабай Оспанов.

-Барлық оқу орындары мемлекет құзырында болуы тиіс. Грек-рим күресінің кафедрасына хат жазып, құрама командасындағы палуандарды грантпен оқуға түсіруге көмек сұрағанбыз алдыңғы жылы. Грант тұрмақ, ақылы орынға түсуге қолдау көрсетпеді академия. Бұл масқара ғой. Егер академия мемлекет меншігіне қараса спортшылардың бұл проблемасы өзгеше шешілер еді.

Мәжіліс депутаты Оңалбай Аяшевтің Қазақ туризм және спорт академиясын мемлекет меншігіне қайтару туралы пікірін қолдап, бір топ депутат қол қойған сауал Үкімет басшысы Даниал Ахметов пен Бас прокурор Рәшид Түсіпбековтің атына жолданды.
XS
SM
MD
LG