Accessibility links

Қарағанды облысында «Атасу-Алашаңқай» мұнай құбырының құрылысына қажет мамандар жиналып жатыр


Қарағанды облысының Атасуда елді мекенінде қаңтар айында басталатын жұмысқа қазірден бастап, жұмысшылар жиналып жатыр. Атасу елді мекенінің еңбекпен қамту бөлімінің меңгерушісі Шолпан Ыбраеваның айтуынша, «Қазмұнайгаз» компаниясының сұрауы бойынша Атасудан мынадай мамандықтарға адамдар табылған:

- Жүргізушеліре негізінен, сосын күзетші тауып бердік.

Қытайлықтарға да бұл құбырдың тиімді жақтары көп, дейді сарапшылар. Қазір, Қытайдың ұлттық мұнай корпорациясы Қазақстандағы біріккен "China National Petroleum Corp –Ақтөбемұнайгаз" компаниясының 86 пайыздық акцияларын меншігіне сатып алған. Бұл кәсіпорын Қазақстандағы мұнай табатын компаниялардың ішінде үшінші орында келеді. Демек, мұнай көлемі ұлғайған сайын, бұл компанияға мұнай тасымыладайтын құбыр қажет болады, дейді мамандар. Қазақстандағы ғылыми-инженерлік «Мұнай» орталығының бас директоры Надир Надировтың айтуынша, қытайлықтар өз мүдделерін қорғап отыр:

- Олар айтады құбыр сапалы болу үшін біздің кісілеріміз істеу керек дейді.

Болашақ мұнай құбырының соңғы нүктесі Қытайдың Алашаңқай қаласында қойылады, деп жоспарланған. Ал, бұл аймақтың экономикалық дамуы Қытайдың басқа аймақтарымен салыстырғанда жоғары емес, дейді бақылаушылдар. Қытайдың бұл өңірі қазір мұнай тұтыну көрсеткіштерін жергілікті шикізатпен толтырып отыр. Қазақстан парламентінің халықаралық істер комитетінің төрағасы Серік Әбдрахмановтың пікірінше, Қазақстан заңдарында шет елдік инвесторларға жағдай жасалған:

- Негізінен қазақстандықтар жұмысқа алынуы керек, тек жоғары дәрежелі мамандар болмаған жағдайда, сондай жолдары бар. Біздің заңдарда нақты еңбекақы көрсетілмеген. Ең төмеңгі деңгейді бекіттік, қалғанынының бәрі жұмыс берушілердің қолында.

Кейбір саясаткерлер Қытай компаниялары басқа инвесторлармен салыстырғанда, Қазақстан заңдарын толық қанды орындай бермейді. Оған қытайлықтардың қазақстандық және қытай жұмыскерлері арасындағы еңбекақы бөлісіндегі әділетсіздік куә болады дейді. Қазақстандағы ғылыми-инженерлік «Мұнай» орталығының бас директоры Надир Надировтың айтуынша, Қазақстан жағы жергілікті тұрғындарға жұмыс беру жағын ойластыруы жөн:

- Құбырдың көбісі Қазақстан территориясы арқылы өтеді, мұнай Қазақстандікі, сондықтан, менің ойымша, негізгі мамандар қазақстанның мамандары болу керек.

Мәжіліліс депутаты Серік Әбдрахмановтың айтуынша, қазақстандық жұмысшылардың құқы тапталып жатқанына кәсіподақтар кінәлі:

- Жұмыс берушілер, әсіресе сырттан келетіндер көп жағдайда біздің жұмысшылардың құқын таптап отыр. Кәсіподақтар ұйықтап отыр, немесе мүлдем жоқ, болса жасанды. Жұмысшылардың сөзін сөйлеуге пәрмендері жоқ.

Республикалық кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ризахмет Молдажановтың айтуныша, қытайлықтар өз мамандарына көбірек еңбекақы төлеп оны өздерінше түсіндіруге тырысады:

- Олардың ақтайтыны, олар жұмыс сапарына байланысты және әр тәулікке ақша алады. Сондықтан, біздің мамандарға қарағанда сәл жоғары дейді.

Мұнай саласындағы көптеген жанжалдың куәсі бролған Атыраулық саясаткер Жұмабай Доспановтың пікірінше, шет елдік инвесторлардың кәсіподақтары жақсы жұмыс істейді:

- Шет елдік инвесторлар барған жерінде кем дегенде 15-20 пайыз өз мамандарын алып келеді.

Республикалық кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ризахмет Молдажановтың айтуынша, Қазақстанда мамандар аз деген сөз өтірік, бірақ, олардың көп жағдайда шет тілдерін білмейтіні рас:

- Әр салада қазақстандық мамандардан артығы жоқ, бірақ тілге келгенде өздерінің менеджерлеріне келгенде соған жүйріктеу болуы мүмкін.

Атыраулық саясаткер Жұмабай Доспановтың пікірінше, қазақстандық мамандардың жұмыстан біртіндеп шеттетілуі дұрыс емес:

- Біздің белгілі мамандарымызды ығыстырады, сіздердің оқығандарыңыз ескі, біздің талапқа сай келмейді, дейді. Ал, мұнай бұрыңғыдай табылып жатыр.

«Қазмұнайгаз» компаниясының мәліметі бойынша, Қазақстан үшін, Қытай ең тиімді нарықтардың бірі. Қазақстандық экономистердің жорамалына сай, жуық арада Қытай бірнеше миллион тоннаға жуық мұнай тапшылығын сезіне бастайды. Мамандардың бағалауынша, Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды қосатын мұнай құбыры 2 жылда салынып бітуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG