Accessibility links

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті оппозициялық «Сөз» газетін сотқа берді

  • Досан БАЙМОЛДА

Қазақстандағы санаулы ғана оппозициялық газеттердің бірі «Сөз» газеті өзінің өткен қыркүйек айының 23 і күні шыққан санында «Ақ Жол» демократиялық партиясының жетекшілерін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері аңдып, артарынан із кесіп, видеоға түсіргендігі туралы хабарлаған болатын. Бұл үлкен айқай шумен өткен биылғы парламент мәжілісі сайлауынан кейін ғана болған оқиға көрінеді.

Алайда ҰҚКомитетінің баспасөз қызметінің жетекшісі Кенжеблат Бекназаровтың айтуынша «Сөз» газетінің таратқан бұл хабары ешқандай қисынға келмейді, ҰҚК нің қызметкерлері «Ақ Жол» партиясының жетекшілерінің іздеріне түсіп оларды бақылап аңдымаған. Сондықтан да газет өз қатесін түзетіп бізден кешірім сұрайды ғой деп ойладық, біраз уақыт өтті, ақыры біздің ойлағанымздай болмаған соң істі шешу үшін газетті сотқа бердік дейді ол. ҰҚК өзінің Алматы қалалық ауданаралық маманданған экономикалық сотқа берген арыз шағымында «Сөз» газетінің ҰҚК нің ар ұжданына кір келтіретін, шындыққа жанаспайтын хабар таратқаны үшін айыпты екендігін дәлелдеп сол арқылы кінасын мойындатуды және де моральдық төлем ретінде 5 млн теңге өндіртіп алуды сұрапты.

ҰҚК егерде бұл ақша өндірілген жағдайда оны Астана қаласындағы бір балалар үйінің есеп шотына аудару керектігін де жазыпты.

«Сөз» газетінің бас редакторы Гүлжан Ергалиева өзінің сотқа шақырылмағандығын бірақта шақырылған жағдайда өзінің адвокатымен кеңесіп барып бару бармауды шешетіндігін айтып отыр. Осы газеттің қазақша нұсқасының редакторы Шәріп Құрақбаев болса бұл бұрынан ел арасында жақсы емес пікірдегі ҰҚК нің атақ беделіне ешбір жақсылық әкелмейді, керісінше одан әрі құлдыратады дейді. Өйткені «Ақ Жол» жетекшілеріне қарсы сондай жағдай жасалғандығы толық дәлелденіп отырғанда ҰҚК қалай бұлтара алмақшы, бұндай жұмысты ҰҚК нен басқа кім істеуі мүмкін деп сұрақ қойады ол?

«Ақ Жол» демократиялық партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменов расында сол бір күні кешкісін өздерін арнайы қауіпсіздіктің адамдары жасырын аңдып, машина көліктің ішінен видеоға түсіріп отырғанын жігіттер байқап қалып, ұстап алғандарында олар қауіпсіздік органында істейді деген куәліктерін көрсетіп, зытып тұрғандарын айтады. Олар кімдер екендіктері жөнінде барлық мәлімет сақтаулы бар дейді ол.

Осы оқиғаға байланысты кезінде «Ақ Жол» партиясы Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне, Бас прокурартураға және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хат жолдап істің мән жайын тексеруді сұрап өтініш жасапты.
XS
SM
MD
LG