Accessibility links

Ресей президенті Путин бүгін бейсенбіде БАҚұралдарына берген баспасөз мәслихаты кезінде ЮКОС мұнай компаниясының мүліктерін мемлекеттік компания арқылы сатып алынғандығын барынша қолдап сөйледі


-Бүгін мемлекет текқана нарықтық, заңдық механизмдерді қолдай отырып өз мақсат мүдделерін іске асыруда. Мен мұны өте орынды деп есептеймін, - деді президент Путин.

Путинның пікірінше, мемлекеттік Роснефть мұнай компаниясының ЮКОСтың 100 пайыздық пайын сатып алуы нарықтық базар талабына толық жауап береді. Роснефть компаниясының басқарма төрағасы қызметінде президент Путинның әкімшілік басшысы орынбасары Игор Сечин отыр.

Баспасөз мәслихаты кезінде президент Путинның айтқанындай, Батыс әсіресе, АҚШ Мәскеудің ішкі істеріне араласып, Ресейді өзгелерден оқшау бөліп тастауға әрекеттенуде екен. Украинадағы президенттік сайлауларға байланысты Путин, Ресей бұрыңғы советтік одақтан ешбір республиканың тәуелсіздігіне кедергі болмайды, деді.
XS
SM
MD
LG