Accessibility links

Кеше американдық күштердің Фаллужа аймағындағы көтерілісшілерге қарсы ұрыстары кезінде үш теңіз жаяу аскері қаза тапқан


Осыдан алты апта бұрын АҚШ жасақтары көтерілісшілерге қарсы шабуылдарды бастаған кезде қаладан кетіп қалған Фаллужа тұрғындарының бірнеше жүзі кеше өз мекендеріне қайтып келген болатын. Агенттіктердің хабарларына қарағанда, олардың көпшілігі әлі де болса отандарына қайтып оралу қауіпті деп есептейді. Ирақтың солтүстігінде американдық әскерилер сейсенбі күнгі 22 адамды опат еткен жанкештілік жарылыстың себеп-салдарын тексеріп, анықтауды жалғастырды. Генерал Картер Хэмнің айтуынша, бомбамен бірге өзін жарған жанкештінің үстінде Ирақ әскерінің киімі болған көрінеді.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG