Accessibility links

Ресей президенті Юкостың еншілес кәсіпорнының саудаға түскені заңды дейді


Ресей президенті Вл. Путин Юкостың басты филиалын мемлекеттік Роснефть компаниясының сатып алуын еркін нарық шарттарына сүйеніп жүзеге асырылған заңды қадам деп бағалаған кешегі баспасөз-маслихатында. Президент американдық соттың жексенбі күнгі аукционды заңға сиымсыз болды деп шығарған қаулысын да сынға алған. Бақылаушылар болса, компания енді мемлекет қолына өтіп кетті, оны кез келген сот шағымы қарай алмайды дейді. Юкос компаниясы мен оның түрмеге қамалған басшысы Михаил Ходорковский өздерінің Кремль жүргізіп отырған саясаттың құрбаны болғандықтарын айтады.
XS
SM
MD
LG