Accessibility links

Астанада абақтыда отырғандар арасында «Үміт» қолданбалы және бейнелеу өнері байқауы өткізілді

  • Ескендір ЕРТАЙ

Желтоқсанның 24-інде Астана қылмыстық атқару жүйесі басқармасында елорда маңындағы абақтыларда жазасын өтеп жатқандардың қолөнер және бейнелеу өнері туындыларының «Үміт» атты байқауын өткізді. Сарапшылардың айтуынша, жазасын өтеп жатқандардың арасында еркін өмірдегі арнайы оқу орнын тәмамдаған талантты шеберлер мен суретшілердің туындыларынан кем түспейтін ғажап үлгіге үмтылыс жасаушылардың қатары өсіп келеді. Әділет министрлігі Астана қылмыстық атқару жүйесі басқармасы бастығының орынбасары Талғат Құтымовтың айтуынша, елорда маңындағы жабық жүйеде үш мыңға жақын адам қапаста отыр. «Үміт» байқауының мақсаты- сотталғандардың еркін өмірдегілерден айырмасы жоқтығын көрсету. «Адам бостандығынан айрылуы мүмкін. Бірақ, ешқашан ешкімде оның ойлау қабілетін, қиялын, арман мүддесін жоққа шығарып, құқығын шектей алмайды»-дейді Тағат Құтымов.

Көрмеге 70-тен астам қолданбалы өнер туындылары мен суреттерінен іріктелген 25 шығарма шығарылды. Жеті адамнан тұратын комиссия мүшесі, әділет полковнигі Күлпан Бисенбиноваға «Өмір жолы» атты абстракциялы туынды ұнаған екен. Байқаудағы шығармалардың үшеуі ғана абақты өміріне арналған. Басқарма бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұлдызбек Сералиевтің айтуынша, «Әркім өз крестін арқалап өтеді»,» Өмір жолы»,» Лагер» картиналары сотталғандардың жаза басқан қадамының өтеуін қайтаруда құдайға құлшылық ету мен дінге берілу арқылы адалдықты таңдағандығын аңғартады»,-дейді.

Басқарма бастығының орынбасары, байқау комиссиясының мүшесі Талғат Құтымов болса, абақтыдағы өмірді бірсарынды күзгі көрініспен салыстыра бейнелеген шығармаға және барша туындыларда ұлттық нышандардың көптеп кездесетіндігіне сүйсінеді.Ал, әділет полковнигі Күлпан Бисембинова байқауға шығарылған туындылардың ішінде үй ішілік жихаздар мен ас үйлік бұйымдардың көптеп кездесуін сотталғандардың тезірек отбастарына оралуды аңсай күтуінен деп есептейді.

Сонымен, байқау комиссиясы «Үміт» байқауының жеңімпаздары деп «Сенім,Үміт, Махаббат» мүсінін, «Алтын күз» суретін атады. 2005 жылы қаңтардың 15-іне өткізілетін республикалық байқауға Астанадан жеті бейнелеу және 9 қолданбалы өнер туындысы жолдама алды.
XS
SM
MD
LG