Accessibility links

Қарағанды қаласында тұратын зейнеткер өзінің құғын сүргінге ұшыраған ата-анасының мүлкін мемлекет пайдасына алған Ресейден үстемақы талап етіп отыр


Қарағандының ардагерлер одағы төрағасының орынбасары Галина Медведеваның сөзінше, жергілікті ардагерлердің ішінен үстемақы талап еткендер болған, бірақ, Страсбургтағы сотқа шағым-талап жазғандар болған емес.

Галина Медведеваның сөзінше, 1931 жылы қарағандылық ардагер кішкентай бала болған, демек, оның ата-анасының қандай мүлкі болғанын білмеуіде мүмкін, бірақ толық құжаттары болса, айтқанына қайтпайтын ақсақал дегеніне жетуі ықтимал, дейді ол.

Ресей Федерациясының заңдарына сәйкес, құғын сүргін құрбандарының балаларына үстемақы өтелуге тиіс делінген. Осы жаңалықты естіген ақсақал барлық қажетті деген құжаттарды жинап, Ресейге жібереді. Уақыт өте келе оған Ресейден сізге тек 8 мың рублден сәл жоғары үстемақы тиесілі, деген жауап келеді. Ресей билігі Орынбор облысында құрылған комиссия архивтердегі мәліметтерге сілтеме жасап, ақсақалдың мүлкін тізіп шығып, ондағы атаулар жеткіліксіз, деп сілтеме жасаған. Мұхаммед Нығматуллиннің пікірінше ресейлік комиссия өзіне өзі қарама қайшы пікір білдірткен.

Бұл есеппен келіспеген Мұхаммед Нығматуллин Ресейдің жоғары сотына және президент Путиннің әкімшілігіне шағым-талабын жазады. Қарияның сөзіне қарағанда, ол жақтан да сізге тек 8 мың рублден сәл жоғары үстемақы тиесілі, деген жауап келеді. Қарағандылық зейнеткер Мұхаммед Нығматуллин: «Мен өз ата-анамның қаражатын Ресейде қалдырмаймын, бұл мүлікті мен 5-6 мың еуроға бағалап отырмын, сондықтан мен Страсбургтағы Еуропалық сотқа шағым-талабымды жазып жібердім»,- дейді Мұхаммед Нығматуллин. Оның айтуынша, Нығматуллиндер отбасы Орынбор облысындағы елді мекендегі белгілі көпестер болған, ол кезде отбасында жер үй, ауладағы қоралар, шағын дүкен алты жылқысы және бір сиыры болған.

Қазақстандық Еуропа құқығы және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимовтың пікірінше, Ресей Еуропалық одақтың заңнамаларына 1998 жылдан бері бағынып келеді. Демек, Ресей билігі осы уақытқа дейін болған заң бұзушылықтарға жауап бермеуге құқылы:

- Еуропа кеңесіне Ресей федерациясы 1998 жылы 5 мамырда кірген. Сол жылы адам құқы жөніндегі Еуропалық конвенцияны қабылдаған. Онда тура жазылған, қандай әділетті шешім болсада, сол елдің бекітілген мерзімінен бастап есептеледі деп.

Ал, Мұхаммед Нығматуллин бәрібір өз ата-анамның мүлкін қайтарып алам деп отыр.
XS
SM
MD
LG