Accessibility links

Әкімдер сайлауы туралы пікірлер әртүрлі

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Осы жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Ауыл әкімдерін сайлау туралы» Жарлыққа сәйкес Орталық сайлау комиссиясына ауыл әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру тапсырылғаны белгілі. Қоғам өкілдері алдағы жылы өтетін сайлау биылғы жылы Парламент Мәжілісі депутаттығына өткен сайлаудан сабақ алуы қажет десе енді бірі сайланатын әкімдерге тиісті жағдай туғызылмай отыр деген пікірлер айтады. Қазақстанда сайлау ережесі түзеліп келе жатыр деп есептейтіндер де бар. Қоғамда алдағы жылы болатын әкімдер сайлауы биылғы жылы өткен Парламент Мәжілісі депутаттығына сайлаудан да тартысты бәскелестікте өтеді деген де пікірлер айтылуда.

Алайда, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов мәселе сайлау кезінде заңсыздықтың болмауында дейді. Бөріхан Нұрмұхамедов сайлауға әкімшіліктер араласпауы керек деп отыр.

Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясының мүшесі Асылбек Қожахметов әкімдер сайлауының бұған дейінгі өткен сайлаулардан айырмашылығы болмайды деп есептейді.

Ал, екінші шақырылымдағы Парламентте Мәжіліс депутаты болған Серікбай Әлібаев сайлау туралы заң шикі деген пікірде.

Ал, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Отан» париясының парламенттік фракциясының мүшесі Серік Әбдірахманов алдағы болатын әкімдер сайлауында бәсеке болатынын жоққа шығармайды.

Серік Әбдірахмановтың пікірінше, сайлау ережесі түзеліп келе жатыр. Сайлауда шешуші дауыс халықтың дауысы дейді депутат.
XS
SM
MD
LG