Accessibility links

Қаңтардың бесінде бес жүз қазақстандық қажылық сапарға аттанбақ

  • Ескендір ЕРТАЙ

Желтоқсанның 27-сінде Астанада Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасының Қажылар қауымдастығының жиыны өткізілді. Онда қажылыққа барудың жаңа шарттары дәйектелді. Қаңтардың 5-іне қарай қасиетті Меккеге қажылыққа жолға шығуға шешім қабылдап отырғандар саны республика бойынша бес жүз адам.

Алыс сапарға ниет етушілермен әрбір облыстарда құрылған Республикалық Қажылар қауымдастығының бөлімшелерінде түсінік жұмыстары жүргізілмек. Қазақстанның Қажылар қауымдастығы төрағасының орынбасары Еркін Дуанаевтың айтуынша, Кеңес кезіндегі 70 жылда 30 қазақстандық қана Мекке Мәдинаға қажылық сапарға барған болса, соңғы он үш жылда бес мыңнан асып кеткен көрінеді.Ол қажылардың сапалық деңгейі қандай деген ойға Алматы облысының қажылар қауымдастығының төрағасы Тәңірберген қажы болса, кезінде Сауд королінің тегін жолдамасына әнші де бишіде барып қайтты. Олардың арасында әлі күнге дейін арағын ішіп, сауық-сайранын салып жүргендер бар»,-дейді. Бұл орайда Қазақстанның қажылар қауымдастығы төрағасының орынбасары Еркін Дуанаев қажылықтан оралған жанның өмір бойы құдайға құлшылық етіп, айналасындағыларды иманға үйіруі тиіс екендігін айтады. Ал, Тәңірберген қажы Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ағайындарына қарызданып қауғаланып барғандар да болғандығын жасырмайды. Павлодарлық қажы Оралбек Қожанұлы болса, шын мәніндегі қажы болуға лайық жанға ағайындары көмектесіп жатса, оған шек қоюдың қажет еместігін айтады. Республикада қажылары көп өңір Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша қажылар қауымдастығының төрағасы Серік Әуесбаев болса, кей шаруашылықтар мен аудандардың тұрғындары көмектесіп беделді ақсақалдарды қажылыққа аттандырып жатқанын жөн көреді. Өткен жылы Шымкенттегі туристік фирманың келісім шартының құнын жоғарылатып жіберіп қайта алмай қалғандығы да айтылды. Қазақстанның қажылар қауымдастығы төрағасының орынбасары қаңтардың бесіне жолға шығатын 500 ден астам сапарға шығушыларға сәтті сапар тіледі. Сөйтіп, Қазақстанның барлық облысынан өкілдер алдағы қажылыққа сапарды тиянақты ұйымдастырудың оны елге сын екендігін баса айтысып, көп жайға қанығып, ортақ шешімдерге келді.
XS
SM
MD
LG