Accessibility links

Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі табиғат апатын құрбандарының саны 20 мыңнан асты, олардың ішінде Тайланд патшасының немересі де бар.


БАНГКОК: Тайланд үкіметінің хабарлауынша, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің мыңдаған халқын қырғынға ұшыратқан дүлей теңіз талқынында тай патшасының немірісі де опат болды. 21 жастағы Пум Дженсеннің денесі бүгін Тайландтың оңтүстігіндегі курорттан жеке ұшақпен жеткізілді. Пум Дженсен – Тайланд патшасы Бхумибол Адулиадеджтің туған немересі көрінеді. Индонезияға қарайтын Суматра аралынының маңында кеше болған жер сілкінісінен туған цунами Оңтүстік Шығыс Азия елдерін жайпап өтіп, соңғы дерек бойынша, Бангладеш, Малайзия, Үндістан, Тайланд, Малдив аралдары мен тіпті Сомалиде 20 мыңнан аса адам құрбан болды. Шри Ланкада құрбандардың саны 12 мыңнан асып жығылса, Индонезияда 5 мыңға жетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG