Accessibility links

Жарты жылдан бері парламент қарауында жатқан «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы бойынша үкімет депутаттар қойған сұрақтарға жауап бере алмай отыр

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Бұл заң жобасын шикі деп есептейтін Парламент Мәжілісінің депутаттары осындай пікірде. Жобаны комитеттерде талқылаймыз деп Мәжіліс жалпы отырсының бірінде депутаттар оны күн тәртібінен алып тастаған болатын.

Енді желтоқсанның 28-і күні Әділет министрінің орынбасары Ұбайдолла Стамқұловтың «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасымен таныстыру рәсімін жасағанына қарамастан, депутаттар өз сауалдарына нақты жауап алмадық деседі. Әділет министрінің орынбасары Ұбайдолла Стамқұлов заңсыз мүліктің пайда болуының бірнеше себебі бар. Негізгі себептердің бірі қала халықының көбеюі. 1959 жылғы санақпен салыстырғанда 1979 жылы қала халықының саны ауылдан көшіп келгендер есебінен 2 есеге өсті. Бірқатар жағдайда қала маңындағы жерлерді өз еріктерімен иемденіп, тұрғын үй тұрғызды, бірқатар жағдайда олар тиісінше тіркелмеді. 1990 жылдары болған жекешелендіру кезінде бірқатар кемшіліктер болды дейді. Ұбайдолла Стамқұловтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан экономикасында тисінше тіркеуден өтпеген 30 пайызға жуық жылжымайтын мүлік бар. Әділет министрінің орынбасары мемлекеттік органдардың мәліметіне сәйкес құқығы тиісінше тәртіпте тіркелмеген ел аумағында 750 мыңға жуық жылжымайтын мүліктің барын айтады. Алайда, Ұбайдолла Стамқұлов бұл цифрлардың топшалау сипатында екенін айтады. Сондай-ақ ол аталған жағдай ел экономикасына теріс әсерін тигізеді. Мемлекеттік бюджетке жыл сайын шамамен 1,2 миллиард теңге қаржы түспейді. Өйткені, фискалдық органдар нақты ақпарат ала алмай отыр. Мұндай ақпаратты біздің тіркеу органдары беруі керек. Ал, тіркеу органдарының өзінде өкінішке орай мұндай ақпарат жоқ дейді. Ұбайдолла Стамқұлов мынадай құқықтық жағдайдың ұсынылып отырғанын айтады. Яғни, азаматтар немесе заңды тұлғалар өз мүліктерін жариялайды. Ол үшін кезінде тіркеуден өтпей, салық төлемегені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады дейді. Стамқұлов мырза жобада заңды тұлғалардың жергілікті атқару органдарына барып өз мүліктерін заңдастыру туралы мәлімдеуі қажет екендігі ұсынылады. Жергілікті атқару органымен құрылған комиссия азаматтың арызын қарап он күннің ішінде оң немесе теріс жауап береді. Комиссияның оң қортындысын және заңдастыру туралы куәлік алған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Бірақ 6 айдың ішінде ол азамат мүлікін заңдастыруы керек дейді. Мәжіліс депутат Рауан Шаекин кейбір елдерде мұндай заңның қабылданғанын, бірақ оларда бәрі айқын, түсінікті жазылған деп отыр. Әділет министрінің орынбасары Ұбайдолла Стамқұлов аталған заң жобасы қабылданып жатса, заңсыз жолмен алынған табысты заңдастыруға қарсы әрекет ету туралы заң жобасын қаржы полициясы агенттігі әзірлегенін айтып отыр. Ал, депутат Рауан Шаекин сессия алдында үкімет берген заң жобалары жоспарында ол жоқ дейді. Депутат Ерасыл Әбілқасымов мұндай заң жобасының қабылдануына қарсы. Ал, депутат Зейнолла Алшымбаев ел арасында сөз болып отырған мәселе неге ашық түрде өтпейді деген пікір бар дейді.
XS
SM
MD
LG