Accessibility links

Украина бас министрі президенттіктен үміткер, бірақ жеңіліске кезіккен Янукович соңғы сайлау нәтижелері бойынша арыз берді.


Орталық сайлау коммиссиясының өкілі Чарикованың айтуынша, арызда көрсетілгеніндей, 225 сайлау бекетінде сайлау заң бұзылған көрінеді. Коммиссия ол арызды 2 күн ішінде қарап жауап беруі тиіс. Егер коммиссия арызбен келіспесе онда Янукович Жоғарығы сотқа шағымдануы мүмкін екен. Бұл арада, Виктор Юшенконың тлабымен оның қолдаушылары Үкімет үйін қоршап алғандықтан, ол жерде Үкімет мәжілісі өткізілмеді. Екі апта бұрын Парламент Януковичтың кабинетіне сенімсіздік жариялаған болатын. Дегенмен қызметтен кетіп бара жатқан президент Кучма әзірше бас министр Януковичты өз қызметінде қалдырып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG