Accessibility links

Үнді мұхитының айналасындағы құрбандардың саны 114 мыңнан асып жығылады.


ДЕЛИ: Ең соңғы дерек бойынша, Үнді мұихытының табанында болған жер сілкінісі мен одан туған цунами толқынының салдарынан опат болғандардың саны 100 мыңнан асты. Индонезия өзінің Ачех өлкесінде қаза болғандардың саны 80 мыңнан асқанын хабарлап, Үнді мұхитының айналасындағы құрбандардың саны 114 мыңнан асып жығылады. БҰҰ-ының мәлімдеуінше, табиғи апаттан жапа шеккендерге арналған гуманитарлық көмек тым баяу жеткізіліп жатыр. Ұлттар Ұйымы мәліметі бойынша, азық-түлікке, ас суға және дәрі-дәрмекке 5 млн-ға жуық адам аса мұқтаж болып отыр. Үндістанда ресми биліктің дүлей толқынның қайталануы мүмкін деп ескертуінен соң, бұқара халық мұхит жағалауындағы мекендерін тастап қаша бастады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG