Accessibility links

Мерзімді басылымдарда жаңа жыл барысында болып жатқан жаңылықтарды хабарлаған және өтіп бара жатқан жылды қорытындылаған мақалалар жарық көріпті.

  • Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ

“Егемен Қазақстан” басылымы Астанада Жаңа жыл қарсаңында мұз қалашығын салудың дәстүрге айналғандығын тілге тиек етіп, 29 желтоқсан күні мұзқалашықтың ашылу салтанатына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысқандығын хабарлапты. Мақала авторының айтуынша Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мұз қалашықтың құрылысымен танысып, оған нағыз хас шеберлердің қолынан шыққан қалашық деп жоғары баға берген. Газет тілшісінің хабарлауынша мұз қалашығының аумағы мен онда бейнеленген мүсіндер “Думан” ойын-сауық орталығынан бастап, негізгі аллеяның бойымен қалалық мәдениет және демалыс саябағының Сарыарқа даңғылынан кіретін тұсына дейін созылған. Мұз қалашығында ертегілер әлеміндегі әртүрлі ғажайып кейіпкерлер бейнеленген. Бұл тақырыпқа назар аударған “Айқын” басылымы Астандағы мұз қалашықты салуға 70 миллион теңге жұмсалғандығын атап өтіпті. Сондай-ақ мақала авторы “Думан” ойын-сауық орталығы алаңында қоныс тепкен мұзқалашықта қазақ ертегілері кейіпкерлерінің жоқтығын да айтып өтіпті. Сондай-ақ мақалада осы мұзқалашықта мемлекеттік тілде бір ауыз сөздің жазылмағындығын да тілге тиек етіпті. “Мегаполис” апталығы болса 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап теміржол транспортының бағасының қымбататтайтындығын хабарлапты. Транспорт және коммуникация министрі Қажымұрат Нағмановтың айтуынша қай бағытқа жүретіндігіне қарамастан билеттердің бағасы жиырма процентке көтеріледі. Оның айтуынша соңғы алты жылдың ішінде теміржолтранспортының бағасын көтеру туралы мәселе шешілмей келген. Сондай-ақ “Мегаполис” апталығы Қазақстан мемлекетінің келесі жылдан бастап Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдеріне биометрикалық құжат енгізу туралы ұсыныс жасап отыр. Бұл құжатта азамат туралы жай ақпарат қана емес, сонымен қатар қолының таңбасы, көзінің түсі секілді мәліметтер де болады. Мақала авторының айтуынша, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің министрлері мұндай ұсынысты мақұлдап, оны Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің қарауына қалдырып отыр. Газет тілшісінің хабарлауынша, егер бұл ұсынысты Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің басшылары мақұлдаса, келесі жылдан бастап Қазақстанда жаппай құжат айырбастау науқаны басталуы ықтимал. “Город” басылымы жаңа жыл басталуға он минут қалғанда оңтүстік астанадағы Жаңа алаңда Алматы қаласы әкімінің жүлдесіне арналған “Денсаулық 2005” атты жүгіруден жарыс өткізілетіндігін хабарлапты. Газет тілшісінің хабарлауынша, аталмыш шараға бәрі қатыса алады. Сондай-ақ “Город” басылымы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың жұмысына баға беріпті. “Столичная жизнь” басылымы болса Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қалалық депутаттардың оңтүстік астананың 2005 жылға арналған бюджетін талқылауға арналған отырысқа қатысқандығын тілге тиек етіпті. Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Иманғали Тасмағамбетов оңтүстік астананың Комуналдық Шаруашылық қызметін жақсарту қажет деп есептейді екен. Оның айтуынша, келесі қаладағы құбырларды қалпына келтіру үшін 56 миллиард теңге қажет. Сондай-ақ Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Иманғали Тасмағамбетов оңтүстік астандағы жолдарды қалпына келтіру мәселесінің шешу қажеттілігіне айрықша тоқталған. Иманғали Тасмағамбетовтың айтуынша, келесі жылы қаладағы денсаулықсақтау саласына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтатылады және бес жасқа дейінгі балалар мен болашақ аналарға және созылмалы ауру дертіне шалдыққандар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Ал, оңтүстік астананың экс-әкімі Виктор Храпунов “Время” газетіне берген сұхбатында аталмыш басылымда жарық көрген көптеген деректердің шындыққа үйлеспейтіндігіне байланысты түсініктеме беріпті. Газет тілшісіне берген сұхбатында Алматы қаласының экс-әкімі Виктор Храпунов өзінің ешқандай да құрылыс компаниясының жоқ екендігін тілге тиек етіпті. Виктор Храпуновтың айтуынша, кез-келген ғимаратты немесе үйді салатын құрылыс компаниясы ол жерді алатын кезде онда тұратын адамдарға міндетті түрде үй сатып ала алатын қаражатын төлеп отырған. Сондай-ақ ол Алматы қаласының жаңадан салынған аэропортына өз отбасының ешқандай қатысы жоқ екендігін де айта келіп, оны салуға бөлінген он миллион доллардың жоғалып кетті деген әңгімелердың шындыққа үйлеспейтіндігіне байланысты өз тұрғысынан дәлелдер келтіріпті.
XS
SM
MD
LG