Accessibility links

Хорватияда президент сайлауының екінші туры 16 қаңтарда өтеді.


ЗАГРЕБ: Хорватияда президент сайлауының екінші туры өтеді. Кеше болып өткен сайлауда үміткерлердің бірі де 50 пайыздан артық дауыс жинап, толық жеңіске жете алмады. Хорватияның қазіргі президенті Стипе Месич 49 пайыздан сәл көп дауыс алса, оның негізгі қарсыласы - билік басындағы Демократиялық одақтың үміткері Ядранка Косор ханым 20 пайыз дауыс жинап, екеуі сайлаудың 16 қаңтарда өтетін екінші турына шықты. Екі үміткер де Хорватияның НАТО-ға мүшелікке қабылдануын қолдайды. Хорватияда президенттің құзыры онша кең емес, ол сыртқы саясатқа, ел қорғанысына жауап беріп, премьер-министрді тағайындайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG