Accessibility links

2003 жылдың наурызынан бері қарай мұнай құбырларында болған диверсиялардың салдарынан Ирақ кем дегенде 8 млрд. доллар шығынға түсті.


БАҒДАД: Ирақтағы Балад қаласының іргесінде орналасқан әскери АҚШ базасының жанында болған жарылыстан Ирақтың ұлттық ұланының 23 жауынгері мен 1 әйел қаза болды. Бомба орнатылған автокөлікке отырған жанпидашыл-экстремист ұлан жауынгерлері отырып келе жатқан автобусты соқты. Самарра қаласында көтерілісшілердің шабуылы кезінде 3 Ирақ полицейі мен қаланың басқару кеңесінің мүшесі оққа ұшты. Ирақ үкіметінің хабарлауынша, Бағдадтан оңтүстікке қараған бетте көтерілісшілерге қарсы жүргізілген операция барысында 200-ден аса күдікті тұтқындалды. Ирақтың мұнай министрі Тамир Ғадбанның мәлімдеуінше, 2003 жылдың наурызынан бері қарай мұнай құбырларындағы диверсиялардың салдарынан ел кем дегенде 8 млрд. доллар шығынға түсті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG