Accessibility links

БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан: “Әлем қауымдастығы Оңтүстік Азия елдеріне 2 млрд. доллардан асатын көмек бөлуге дайын”.


АЧЕХ: Оңтүстік Азия елдеріндегі жер сілкінісі мен цунами толқыны құрбандарының саны 140 мыңға тақады. Ең көп қаза – Индонезияның Ачех өлкесінде – 94 мыңға жақын адам мерт болды. Ол өлкедегі жапа шеккен халыққа ауыз су пен азық-түлік және дәрі-дәрмекті жеткізу қиынға соғып тұр. БҰҰ-ының есебі бойынша, өткен аптадағы табиғи апаттан жапа шеккен аймақта гуманитарлық көмекке 2 млн-ға жуық халық мұқтаж болып отыр. БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннанның атап көрсетуінше, әлем қауымдастығы Оңтүстік Азия елдеріне 2 млрд. доллардан асатын көмек бөлуге дайын. Тайланд пен Индонезияға АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Пауэлл мен АҚШ президентінің бауыры – Флорида шатының әкімі Джеб Буш сапарға аттанды. Олар апаттың ауқымын анықтап, АҚШ жағынан қажетті көмек жөнінде келіспекші.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG