Accessibility links

Қарағандылық өнертапқыш өндіріс қалдықтарын іске жарататын қондырғы жасады

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қарағанды тұрғыны Александр Борисенко өндіріс мұржаларынан шығатын түтін қалдықтарын ауаға тазартып шығаратын және түтіндегі қалдықтарды одан әрі пайдалануға арналған қондырғы ойлап тапты. Ол зауыттарда тәжірибе ретінде сынақтан өткізілген.

Қарағандыдағы «Absolute Kazakstan» ашық акционерлік қоғамының президенті, мамандығы физик, инженер Александр Борисенконың ойлап тапқан қондырғысын тәуелсіз экологтар ел аумағында өндіріске енгізуге қажетті құрал деп отыр.

Александр Борисенко өзі ойлап тапқан қондырғы шығып жатқан газды, ауаны ластайтын қалдықтарды тоқтататынын, одан пайдалы өнімдер алуға болатынын айтады. Мәселен, С-2 газынан техникалық көмір сутегін алуға болады. Сондай-ақ ол биылғы жылға өндірістік модуль дайындап жатқандарын айтты.

– Бірінші рет 2003 жылы қазақстандық патентті, содан кейін Еурзаиялық патентті иелендік, енді Американың патентін алып отырмыз. Бұл істің барлығын өз күшімізбен бастадық. Қазіргі уақытта инновациялық қор көмектеседі. Онда бірлескен инженерлік академия кәсіпорыны құрылған. Онда біз экология, энергетика саласы бойынша бірлескен бағдарламалар дайындаудамыз, – дейді Александр Борисенко.

Қазақстан инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов физик, инженер Александр Борисенко дайындаған жабдықты инновациялық жоба ретінде қарастыратындарын және бұл жабдықтың тиімділігі айтарлықтай екенін айтып отыр.

«Табиғат» қоғамдық ұйымының жетекшісі эколог Мэлс Елеусізов инженер Александр Борисенко ойлап тапқан жетістікті өндіріске жедел енгізу керек деп есептейді.

– Қазақстанда көптеген комбинаттар, металлургиялық зауыттар бар, олардан шығатын қалдықтар қоршаған ортаға үлкен зиян келтіріп жатыр, – дейді Мэлс Елеусізов.

Тағы бір тәуелсіз эколог Молдағали Масханұлы Қазақстанда экологиялық ахуалға жақсартуға үлес қосатын мамандардың жеткілікті екенін, мәселе – олардың еңбектерін пайдалануда және ғылыми жетістіктерді жүйелі жүзеге асыратын мемлекеттік бағдарламаның қажеттілігінде дейді.
XS
SM
MD
LG