Accessibility links

Перуде әскери бүлікшілер президент Алехандро Толедоның биліктен кетуін талап етіп, 10 кісіні кепілдікте ұстап отыр


Перудің қарулы күштері бүгінм Анды тауының оңтүстігінде армияның бүлік шығарған 150 жауынгері басып алған полиция бөлімшесін босатуға кірісті. Келіп жеткен хабарға қарағанда, бүлікшілер 10-шақты кісіні кепілдікте тұтқында ұстап отырған Андахуайлас қаласындағы ғимарат төңірегінде атыстың жаңғырығы естіліп тұр. Бүлікшілер кепілдікте отырғандардың кем дегенде бірін атып өлтіріп, екіншісін жаралаған тәрізді. Кеше күн батысымен үкімет қалада коменданттық тәріп орнатты. Әскери бүлікшілер Перу президенті Алехандро Толедоның биліктен кетуін талап етеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG