Accessibility links

Кувейт армиясы әмірліктегі АҚШ күштеріне” қарсы шабуылдарды ұйымдастырды деген күдікпен бір топ жауынгерді тұтқындады


Кеше Кувейт армиясы әмірліктегі “дос елдің күштеріне” қарсы шабуылдарды ұйымдастырды деген күдікпен бір топ жауынгерді тұтқындады. Армия өкілі Юссиф Әм-Малланың сөзін келтірген кувейттік Куна агенттігінің хабарлауынша, күдіктілерді барлау қызметінің өкілдері тергеп, тергеуден соң ұсталғандардың кейбірі босатылған. Алайда, қауіпсіздік қызметінің аты-жөнін атамаған өкілі АҚШ күштеріне қарсы қастандық ұйымдастырмақ болды деген күдікпен 1 апта бұрын армияның жоғары шенді 8 өкілі мен қызметкерінің тұтқындалғанын атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG