Accessibility links

Ирақ провинциясының губернаторын қарулы топ өлтіріп кетті


Али әл-Хадири мінген көлікке бүгін тұтқиылдан шабуыл жасалған болатын. Оның кесірінен гумернатордың өзімен бірге оның бір сақшысы қаза болған екен. Тайландтың Фюкет деген аралында сөйлеген сөзінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Колин Пауел былай деді: “Бұл оқиға Ирақта сайлаулардың болғанын қаламайтын кісі өлтірушілердің, лаңкестердің, бұрынғы билік қалдықтарының бар екендігін тағы да көрсетіп отыр. Олар Ирақ халқының өз басшысын таңдағанын қаламайды. Олар өткен шаққа, Саддам Хусейннің тепкісіне қайта оралғылары келеді. Олардың бұл ойлағандары жүзеге аспауда”,-деді Пауел мырза. Бүгін сондай-ақ Бағдатта полиция бекетінде болған көлік жарылысынан кем дегенде 10 адам қаза болып, 50-і жараланған. Бұл оқиға Жасыл аймаққа кіре берісте орын алған екен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG