Accessibility links

БҰҰйымынан сәрсенбі күні хабарланғанындай, Үнді мұхитындағы цунами теңіз апатына кезіккен елдерге көмек ретінде берілетін қаржы 3 млд доллардан асып 4 млдқа дейін жетуі мүмкін


БҰҰның төтенше жағдайлар бойынша ізгілік көмек үйлестірушісі Егеландттың айтуынша, Австралия өз қаржы көмегін 561 млн., ал Германия 500 млн евроға көбейтпек.

Ал бұған дейін Жапония 500, АҚШ 350 млн доллар көмек беріп, апатты аймаққа ондаған кеме және тікұшақтар жіберген болатын. Сондай-ақ, Халықаралық валюта қоры цунамиға кезіккен елдерге 1 млд қаржы жәрдемін беруге дайын екендігін хабарлады. Кеше сәрсенбіде апатқа кезіккен елдердің құрбан болған азаматтарының рухын еске алып, Еуропа одағы елдері 3 миноттық үнсіздік жариялады. Оңтүстік Азиядағы апат құрбандары, соңғы мәліметтерге қарағанда, 155 мыңнан асқан.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG