Accessibility links

Алматы қаласының аудандық арнайы экономикалық соты оппoзициядағы Қазақстан демократиялық таңдау партиясын жабу жөнінде шешім қабылдады


Алматы қалалық прокуратурасы ол партияның желтоқсанның 11і күні жасаған саяси мәлімдемесіне байланысты аудандық сотқа арыз берген болатын. Арызда жазылғанындай, Қазақстан демократиялық таңдау халықтық партиясы Ата заңдағы ережелерге қайшы әрекеттер жасаған, билік жүйесі заңсыз, сондықтан халықты азаматтық бағынбауға шақырады. Демократиялық таңдау партиясы мемлекеттік қауіпсіздікке қатер төндіреді, делінген.

Қазақстан Халықтық демократиялық таңдау партиясы 2004- жылы мамыр айында тіркелген болатын. Оның жетекшісі Ғалымжан Жақиянов 2002 жылы Павлодар облысының әкімі кезінде қызметтен асыра пайдаланған деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Оппозиция болса Жақияновты саяси тұтқын деп есептейді.
XS
SM
MD
LG