Accessibility links

Тәжік-өзбек шекарасында бір азамат қаза тапты


Тәжік-өзбек шекарасында мина жарылысынан бір тәжік азаматы қаза тапты. Тәжік радиосының хабарлауынша, ол азамат – Соғди облысының тұрғыны, отын теріп жүргенде мина басып кетті. Өзбекстан әскері Тәжікстан арқылы исламшы жауынгерлер кіреді деп таулы шекараны 2001 жылы ретсіз миналап тастаған болатын. Тәжікстан ресми өкілдері шекара нақты белгіленбеген, мина қойылған жерлер нақты көрсетілмеген дейді. Осы миналардан ондаған адам қаза тапты, көптеген адам түрлі жарақат алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG