Accessibility links

Мұстафа Барғути Иерусалимде қамауға алынды


Палестина президенттігіне кандидат Мұстафа Барғути бүгін қамауға алынды. Ол Иерусалим қаласында Әл-Ақса мешітіне кірмек болғанда Израиль полициясы тарапынан қамалды. Полиция одан жауап ғана аламыз деп айтты. Мұстафа Барғути желтоқсан айында Иерусалим қаласында бір ұсталып, бірнеше сағаттан соң босатылған еді. Израиль Палестина сайлауларын еркін және әділ өткізуге жол береміз деген, тек Иерусалим қаласындағы үгіт-нәсихат шаралары шектеліп отыр. Палестина президенті жексенбі күні сайланбақ. Басшылыққа Мұстафа Барғути және Махмұд Аббас таласып отыр.
XS
SM
MD
LG