Accessibility links

Цунами апаты аймағын әлем жетекшілері аралап жүр


Үнді мұхиты цунами апатынан зардап шеккен аймақты әлем жетекшілері аралап, жағдаймен өздері жеке танысып жүр. БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан апат көлемінен қатты әсер алып отырмын деп айтты. Бас хатшының жанында ақшалай көмек көрсетеміз не болмаса шұғыл несие береміз деген халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары болды. Кофи Аннан Индонезияның Асех провинциясын тікұшақпен аралап, мынандай сипаттама айтты:

- Біз Суматра араланың батыс жағалауын аралап көрдік. Мұндай жаппай қирауды ешқашан көрмегенімді айтуым жөн. Әр шақырым сайын қирау шаш етектен.

26 желтоқсанда цунами апатынан болған адам шығындары жайында қарамақайшы мәліметтер түсіп жатыр. Индонезия адам шығандары мәліметін бүгін көбейті түсті. Сөйтіп, аймақ бойынша жалпы халық шығыны 150 мың мен 165 мың арасында болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG