Accessibility links

Палестинада президент сайлауына үгіт-нәсихат науқаны аяқталды


Палестинада бүгін президент сайлауына үгіт-нәсихат науқанының соңғы күні. Палестина президенті жексенбі күні сайланбақ. Басшылыққа Мұстафа Барғути және Махмұд Аббас таласып отыр. Негізгі үміткер деп Махмұд Аббас танылған. Ол бүгін Батыс Жағалауда Палестинаның бұрынғы басшысы Ясир Арафаттың зиратында болды. Ал екінші кандидат Мұстафа Барғути бүгін қамауға алынды. Ол Иерусалим қаласында Әл-Ақса мешітіне кірмек болғанда Израиль полициясы тарапынан қамалды. Полиция оның кіру рұқсаты болмаған дейді. Израиль Палестина сайлауларын еркін және әділ өткізуге жол береміз деген, тек Иерусалим қаласындағы үгіт-нәсихат шаралары шектеліп отыр.
XS
SM
MD
LG