Accessibility links

Ресей президенті Путинның айтуынша, енді сайлау науқаны артта қалғаннан кейін Украиналық жетекшілер алдымен экономикалық даму мәселесін қолға алулары керек екен


Президент Путин жұма күні Украина парламенті төрағасы Володимир Литвинмен Мәскеу сыртындағы өз резиденциясында кездесіп, екі ел арасындағы экономикалық және ізгілік байланыстары бекем деді. Қарашаның 21індегі президенттік сайлауда Путин алғаш Украина бас министрі Януковичті жеңіспен құттықтаған болатын. Бірақ сайлаудың ол турында заңсыздықтар орын алған деп Жоғарығы сот ол дауыс беру нәтижесін бекер деп жариялады. Ал желтоқсанның 26сында өткен 3-турда оппозициядан үмітке Юшенко 52 пайыз дауыс жинап жеңіске жетті.
XS
SM
MD
LG