Accessibility links

Қазақстан парламенті депутаттарының саны келешекте көбеюі мүмкін

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазақстанның демокартия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс тобы парламент мәжілісі мен сенат депутаттарының санын көбейтіп, аралас жүйе бойынша сайлау тәртібін енгізуді ұсынды.

Қазақстан Республикасының демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс тобы парламент мәжілісі депутаттарының санын 134-ке жеткізіп, олардың тең жартысын партиялық тізім, ал қалған жартысын бір мандаттык округ бойынша сайлауды ұсынады. Сол сияқты парламенті сенаты депутаттарының санын да 68 етіп бетіп белгілеп, оның 20-сын президент тағайындап қоятын жүйе енгізуді айтып отыр.

Аталған комиссияның жұмыс тобының жетекшісі, «Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиевтің пікірінше, бұл халықтың барлық тобын қамтуға, ауызбірлікті күшейтуге қажет.

Жұмыс тобы үкімет құзырын кеңейтуге қатысты ұсыныстар да әзірлеген. Онда әрбір министрді үкімет басшысы ұсынып, парламент бекітуі тиістілігі және басқа да ұсыныстар қаралыпты. Жұмыс тобы бұл ұсыныстарды Қазақстан Республикасының демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның алдына қоймақ.

Ұлттық комиссияның жұмыс тобының жетекшісі Ғани Қалиевтің пікірінше, "халықтың барлық тобының парламентте өкілі болуы керек".

- Бірақ дәл қазіргі уақытта олай емес. Демократияға қарай қадам басу керек, - дейді ол.

Билікті жақтайтын «Отан» партиясының мүшесі Қайролла Ережепов жұмыс тобының ұсыныстарын қолдайды.

Оппозициялық «Ақ жол» партиясының мүшесі, саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам "бұндай ұсыныстардың айтылғанына бес жылдай уақыт болғанын" еске салады. Қазақстан ұлттық зерттеулер институтының директоры, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов "Қазақстанға саяси реформа осыдан екі жыл бұрын керек болған" деген пікір айтады.

Жұмыс тобының жетекшісі Ғани Қалиев бұл ұсыныстардың халықаралық тәжірибелерге сүйеніп дайындалғанын, алайда олардың "ұлттық комиссияда өтер-өтпесі әлі белгісіз" екендігін айтады.
XS
SM
MD
LG