Accessibility links

Солтүстік Еуропадағы табиғат апатынан тағы да ондаған адам қаза тапты


Солтүстік Еуропаға сағатына 180 шақырым жылдамдықпен дүлей дауыл соғып, Англияда 3, Швецияда 6, Данияда 4 адам қаза тапты. Шотландияның батыс жағалауында апатқа ұшыраған жолаушы кемесінде 100 жолаушы мен кеме командасы қалды. Литва астанасы – Риганың бірқатар ауданынан тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Литва мен Эстонияның кейбір қалаларында тұрғын үйлер су астында қалды. С.Петерборда Нева өзені суының деңгейі 3 метрге дейін көтерілуі мүмкін деп күтіліп, метроның бірнеше стансасы жабылды. Табиғат апатына, сондай-ақ, Ирландия, Уэльс, Дания және Швеция душар болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG