Accessibility links

БҰҰ-ының Бас хатшысы мен Дүниежүзілік банктің басшысы Оңтүстік Азия елдеріне сапарын жалғастыруда


БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан мен Дүниежүзілік банктің басшысы Джеймс Вульфенсон бүгін Малдив аралына қарай жолға шығары алдында Шри-Ланкада өткізген баспасөз-маслихатында табиғат апатынан жапа шеккен осы елдің барлық аймағын аралап көру үшін қайта оралғысы келетінін мәлімдеді. Шри-Ланка үкіметі К.Аннанды оның бас амандығы үшін қауіптеніп сепаратистік “Тамил жолбарыстары” қозғалысының үстемдік орнатқан аудандарына жібермеді. Өз кезегінде Дүниежүзілік банктің президенті Джеймс Вульфенсон жапа шеккен елдерге көмекке 1.5 млрд. доллар қаржы бөлінетінін мәлімдеді. Оңтүстік Азия елдерінде табиғат апатынан 150 мыңнан астам адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG