Accessibility links

Теһран МАГАТЭ инспекторларын атомдық Парчин кешенінің өзін тікелей тексеруге жібермейді


Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид-Реза Ассефидің бүгін мәлімдегендей, атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік - МАГАТЭ-нің инспекторларын Иран Теһран қаласының іргесіндегі атомдық Парчин кешенінің өзін тікелей тексеруге жібермей, кешеннің төңірегіндегі топырақ пен жасыл-желекті зерттеуіне рұқсат беретінін ескертті. Ресми Вашингтон Иранды Теһранның оңтүстік-шығысында орналасқан Парчин атом кешенінде астыртын түрде ядролық қару жасауды көздеп отыр деп айыптайды. Өткен аптада МАГАТЭ-нің Бас директоры Мухаммад Әл-Баради Теһран өзінің ядролық кешенін тексеруге ақыры келісті деп хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG