Accessibility links

Украинаның Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының ресми қорытындысын бүгін жариялайды


Украинаның Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының 26 желтоқсанда болып өткен соңғы турының ақырғы ресми қорытындысын бүгін жариялайтынын мәлімдеді. Бастапқы бейресми дерекке қарағанда, оппозицияның үміткері В.Ющенконы сайлаушылардың 52 пайызы қолдап дауыс берген болса, ресми биліктің үміткері әрі бұрынғы-премьер-министр В.Янукович – 41 пайыздан сәл көп дауыс жинаған. Сайлау барысында болған заңсыздықтар бойынша В.Януковичтің соңғы – төртінші шағымын Жоғарғы сот бейсенбі күні қарауға кірісіп, ол бойынша бүгін өкім шығаруға тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG