Accessibility links

Дж.Картер (АҚШ): “М.Аббастың жеңісі - Палестина мен Израиль арасындағы бейбіт келіссөзді қайта жалғастыру мүмкіндігін туғызды”


Палестинадағы президент сайлауында Палестинаны азат ету қозғалысының төрағасы Махмуд Аббастың басым дауыспен жеңуіне байланысты көптеген ел Палестина-Израиль қатынастырының болашағына жақсы үміт артып отыр. Израиль премьер-министрінің орынбасары Шимон Перес Палестинадағы президент сайлауы – жаңа процестің басталғанын аңғартады деп мәлімдесе, Францияның сыртқы істер министрі Мишель Барнье: “демократияның жеңісі – бейбітшіліктің тұңғыш жеңісі” деп бағалады. Палестинадағы сайлаудың барысын бақылаған 100-деген шетелдік бақылаушының бірі – АҚШ-тың экс-президенті Дж.Картер, М.Аббаспен Рамалладағы кездесуінен кейін, Палестина мен Израиль арасындағы бейбіт келіссөзді қайта жалғастыру мүмкіндігі туды деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG