Accessibility links

Ирақтағы сүнни мұсылмандарының көсемдері алдағы сайлау тақырыбын талдау үшін АҚШ елшілігінің өкілдерімен кездесті


Бүгін көтерілісшілер Бағдадта полиция басшылығының өкілі мен оның ұлын атып кетті және бомба орнатылған автокөлікпен полиция кеңсесіне жасалған шабуылдан 4 кісі қаза тапты. Жалпы соңғы айларда Ирақтағы көтерілісшілер 30 қаңтарға тағайындалған сайлауды өткізбеу үшін жергілікті билік пен полицияның талай өкілін атып кетті. Оныме қарама-қатар Ирақтың уақытша үкіметі АҚШ армиясы мен Ирақтың қауіпсіздік күштері бірлесіп бүкіл елде жүзеге асырған операциясы барысында 147 партизанды ұстағанын хабарлады. Бүгін, сондай-ақ, Ирақтағы сүнни мұсылмандарының көсемдері алдағы сайлау тақырыбын талдау үшін АҚШ елшілігінің өкілдерімен кездесті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG