Accessibility links

Виктор Ющенконың жеңіске жеткені ресми түрде жарияланды


Украина Орталық сайлау комиссиясы соңғы қорытынды жөнінде Киевте кешкілік жариялады. Соңғы мәлімдеме бойынша Юшенко 51,99 пайыз, ал Янукович 44,2 пайыз дауыс жинақтаған екен. Сайлау комиссиясының бұл мәлімдемесін енді Жоғарғы сот қабылдап, содан кейін елдегі екі ресми газет бетінде жариялануы тиіс. Бұл істер Виктор Ющенконың таққа жайғасу рәсіміне дейін жүзеге асырылуы қажет. Жоғарғы сот сондай-ақ Виктор Януковичтің сайлау үдерісі жөніндегі тапсырған шағымдарын кері қайтарды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG