Accessibility links

Индонезия үкіметі көмекке келгендерді сепаратистерден сақтандырады


Индонезияның әскерилері цунами апаты болған Ачех аймағында сепаратистер қаупінен сақтанғандықтан , бұл жерлерде халықаралық көмек беруші өкілдердің жұмыс істеулеріне шектеу қойды. Әскери басшының айтуынша, енді Банда Ачех астаналық аймағынан тыс жерлердің бәрінде көмекке келгендерді Индонезияның әскерилер алып жүруі керек болады. БҰҰ-ың Ачехтағы іс-қимылдарының жетекшісі Джойл Боутроу бүгін Банда Ачехта былай деген: -Индонезия үкіметі кез келген барлық үкімет сияқты өз міндеттерін жақсы біледі, сондықтан да олар өз территориясындағы әр адамның қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін ұмтылып, осындай қимыладарға барып отыр деп ойлаймын. Индонезия үкіметі көмек жүктері келіп жатқан әуежайларда, басқа да жерлерде сепаратистер тарапынан шабуылдар бола ма деп қауіптенеді.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG