Accessibility links

Арқалықта 40 отбасы бюджеттен салынған бес қабатты үйден пәтер алды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Арқалық қаласында жаңа пәтерге кірген 40 отбасы - бюджет қызметкерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер және екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері. Үй қалалық коммуналдық меншікте болатындықтан тұрғындар пәтерлерін жекешелендіре алмайды.

Арқалық қаласы әкімінің бірінші орынбасары Балғабек Жүсіпбековтың айтуынша, егер бюджет қызметкері жұмыстан шығатын болса, пәтерді қалалық коммуналдық меншікке қайтаруы тиіс екен.

Арқалықта бұрыннан құрлысы тоқтап тұрған үйді салып бітіруге барлығы 81 миллион теңге жұмсалған. 2005 жылы тағы бір осындай үй салынып, тапсырылмақ. Оған 109 миилон теңге бюджеттен қаржы қаралған дейді қала әкімінің бірінші орынбасары. Сонымен бірге ол қалада иесіз қалған 170-150 шамасында көп қабатты үйлердің барын айтады. Ал, қаңырап бос қалудан аман қалған көп қабатты 113 үй бар екен.

Арқалық қаласының бұрынғы тұрғыны, екінші шақырылымдағы парламент мәжілісінің депутаты болған Рамазан Сарпеков Арқалық қаласындағы қараусыз қалған үйлердің жарамдылығына құрылыс сараптамасын жасау қажет деп санайды.

Арқалық қаласының бұрынғы тұрғыны болған тағы бір азамат кезінде қалада су, жарық, жылу, сондай-ақ жұмыссыздық проблемаларының туындауынан баспанасын тастап кетуге мәжбүр болғанын айтады.

- Қазір ол үйдің адам тұратын еш сыйқы қалмады, - дейді ол.

1997-1999 жылдары Павлодар облысы әкімнің құрылыс мәселелері бойынша орынбасары болған Серікбай Әлібаев бірқатар қалаларда есік, терезесі жоқ үйлердің көптігін, оны кейбіреулер бөлшектеп құрылыс материалдары ретінде әкетіп жатқанын айтады.

- Бұл дұрыс емес. Ондай үйлердің ешкімге керек емесін дәлелдеу керек. Сондай үйлер тұрып, кейбір қалаларда әр шаршы метрі 500, тіпті 1000 доллар шамасындағы үйлер салынып жатыр, - дейді Серікбай Әлібаев.
XS
SM
MD
LG