Accessibility links

Алматыда Н.Назарбаев пен В.Путиннің бейресми кездесуінде екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талданады деп күтілуде


2 күндік жұмыс сапарымен Қазақстанға келген Ресей президенті Владимир Путин бүгін республиканың бұрынғы астанасы – Алматыда қазақ лидері Н.Назарбаевпен келіссөз өткізеді. Қазақстан президентінің баспасөз-қызметі хабарлағандай, 7.5 мың шақырымға созылған қазақ-орыс шекарасын белгілеудің соңғы айшықтары, отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері екі жақты әңгіменің өзегі болмақшы. Қазақстан – Ресейдің стратегиялық әріптесі. Байқоңыр – Ресейдің ғарыш бағдарламасы үшін әлі де негізгі ғарыш алаңы болып табылады. Орыстың Лукойл мұнай компаниясы Батыс фирмаларымен бірге Каспийдің мұнай көздерін игеруге атсалысуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Астана мен Мәскеу арасындағы тауар айналымы 7 млрд. доллардан асқан, яғни 2003 жыл көрсеткішінен 40 пайызға арта түскен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG