Accessibility links

Дүниежүзілік қауымдастық Оңтүстік Азия аймағына 4 млрд. доллардың көмегін беруге міндеттеме алды


Кеше Женева қаласында 26 желтоқсандағы табиғат апатына душар болған Оңтүстік Азия елдеріне көмек беру тақырыбы бойынша халықаралық конференция болып өтті. Форумның жұмысына 250-ден асатын үкіметтік және гуманитарлық ұйым қатысты. Дүниежүзілік қауымдастық Оңтүстік Азия аймағына 4 млрд. доллардың көмегін беруге міндеттеме алды, оның ішінде шұғыл көмекке 700 млн. доллар қаржы бөліп үлгерді. Табиғат апатынан Үнді мұхитының 12 елінде 150 мыңнан астам адам құрбан болды. Оның үштен екісі Индонезияның үлесіне тиеді.
XS
SM
MD
LG